Алматы облысының полицейлері карантинге қарамастан қызмет көрсеткен мейрамханаларды анықтады
Алматы облысының полицейлері карантинге қарамастан қызмет көрсеткен мейрамханаларды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарасай ауданының полицейлері карантин режиміне қарамастан өз жұмысын жалғастырып жатқан кафе-мейрамханаларды анықтады.
Еліміздегі коронавирусқа байланысты Қарасай ауданының тәртіп сақшылары мен әкімідік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында Қарасай ауданында орналасқан мейрамханалар бірінің карантиндік талаптарды сақтамай жиын той ұйымдастырып өткізіп жатқаны анықталды.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Қарасай ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.