Алматы облысының полицейлері көліктердегі «3D» нөмірлермен күресті жалғастырып жатыр
Талдықорған қаласында автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері мен алдыңғы әйнектерін тыйым салынған пленкамен жабу фактілерін анықтау бойынша жедел-алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– «3D» нөмірі бар және күннен қорғағыш пленкалар жабыстырылған автокөліктер мен көлік құралдарына ерекше назар аударылады. Осы құқық бұзушылықтар үшін 700-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі темір тұлпарларының алдыңғы әйнектеріне қараңғылағыш пленкаларды жабыстырып алған. Биыл Талдықорған қаласының аумағында патрульдік полиция қызметкерлері 10 мыңға жуық жол ережесін сақтамау дерегін анықтады және жалпы сомасы 30 млн. теңге әкімшілік айыппұл өндірілді, – деп хабарлады Талдықорған қаласының ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Олжас Отаров.