Алматы облысының полицейлері коммуникация және дағдарыс жағдайында жанжалдарды басқаруды үйренді
Алматы облысының полицейлері тиімді коммуникация және дағдарыс жағдайында жанжалдарды басқаруды үйренді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке құрам үшін дағдарысты жағдайларда жанжалдарды басқару бойынша тренинг өткізуге бастамашы болды.
– Өңір полицейлері қызметте көмектесетін жаңа пайдалы білім мен дағдыларға ие болды. Олардың психологиялық даярлық деңгейін арттыру мақсатында олар үшін дағдарыс жағдайындағы психологиялық ерекшеліктер туралы, сондай-ақ полицияның көпшілік арасындағы жұмысы туралы мастер-класс өткізілді, – деп атап өтті облыстық департамент бастығының орынбасары Арман Тіленшин.
Кәсіби қарым-қатынастың тиімділігін арттыру, тәртіп сақшылардың азаматтармен сындарлы өзара іс-қимылы, нәтижелі өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру, сондай-ақ коммуникативтік қасиеттерді дамыту полицияның «сервистік» моделіне көшудің ажырамас бөлігі болып табылады.
– Полиция қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқарады. Дағдарыстық жағдайлардың психологиялық ерекшеліктері полиция қызметкерлеріндегі стресстің, агрессияның және шиеленістің жоғарылауын қамтуы мүмкін. Тәртіп сақшылары әрқашан жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істеуге, тез шешім қабылдауға және эмоционалды адамдармен қарым-қатынас жасауға дайын болуы керек. Тиімді командалық жұмысқа назар аудару маңызды, өйткені мұндай жағдайларда полицейлер үйлесімді әрекет етуі керек, – деп толықтырды А.Тіленшин.
Департаментте осындай сабақтар тұрақты негізде өткізіледі, өйткені эмоцияларды басқара білу және сыни жағдайларда оңтайлы шешім қабылдау полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін сәтті орындауы үшін өте маңызды.