Алматы облысының полицейлері мал ұрысын қолға түсірді
Алматы облысының полицейлері мал ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 наурыз күні Ескелді ауданының полиция бөліміне аталған ауданның 42 жастағы тұрғынынан мал ұрлығы дерегі бойынша хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары Алматы облысы Ескелді ауданының 20 жастағы тұрғының анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
– Аталған азамат кінәсін толық мойындап, өзінің қылмыстық іс-әрекетін қалай жасағанын көрсетіп, қылмыстық жолмен тапқан малын жеке бас пайдасына жарату үшін сатып жібергені анықталды. Айғақ заттар сатып алушылардан тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды, – деді Ескелді ауданы ПБ-нің бастығы Қайрат Баймуханов.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті Ескелді ауданы аумағында 2021 жылғы қараша айының 9 күні мен 2022 жылдың наурыз айының 15 күндері аралығында бірнеше рет жоғарыда аталған қылмыстан басқа тағыда 4 жерден мал ұрлығын жасағаны анықталды.
– Қазіргі уақытта күдікті тұлға Ескелді ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – деп Баймуханов сөзін түйіндеді.