Алматы облысының полицейлері мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін тексерді
Алматы облысының полицейлері мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында облыс орталығы мектептерінің жанында жол қауіпсіздігін, оның ішінде жол белгілерінің, бағдаршам объектісінің, жасанды соққылардың, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдерінің жай-күйін тексерді.
– Көлік жүргізушілеріне тағы да мұқият болып, жылдамдықты сақтап, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамын, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Мұрат Қалиасқаров.
Сонымен қатар камералардың барлық орта оқу орындарында орнатылған дабыл түймелерінің жұмыс қабілеттілігі тексерілді.
– Құрметті ересектер, жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін еске салу қажет. Кішкентай балалармен үйден мектепке дейін және кері бағытта бірнеше рет алдын ала жүріңіз. Балалардың назарын жол белгілері мен бағдаршамдарға аударыңыз. Жолдан өту кезінде өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз. Кәмелетке толмағандар қауіпсіздік белдіктерін тағып, балалар ұстағыштарын пайдалануы керек екеніне назар аударыңыз. Мұның бәрін жеке мысалмен көрсетіңіз. Көлікті жүргізу кезінде жүргізушінің назарын аударып алмауға, кенет қозғалыстар жасамауға, есік тұтқаларын ұстамауға және ешбір жағдайда көліктің терезелерінен немесе люктерінен шықпауын айтыңыз. Балаңызға велосипед немесе мопед сатып алған жағдайда, оған жолдағы өзін-өзі ұстау ережелері туралы алдын ала нұсқау беріп, оның жүргізуші ретіндегі міндеттері қандай екенін, жол бойында қайда, қалай және қай жаста қозғала алатынын егжей-тегжейлі түсіндіріңіз. Велосипед/мотоцикл шлемі, сондай-ақ ықтимал соқтығыстар немесе құлаулар кезінде соққыларды жұмсартуға арналған басқа қорғаныс құралдары туралы ұмытпаңыз. Балаңызға қиылысты кесіп өткенде велосипедтен түсіп, оны өзімен бірге алып жүруді үйретіңіз, жолда жоғары жылдамдықпен жүрмеуді, себебі басқа жүргізушінің жоғары жылдамдықпен жүру кезінде көлікті тоқтату мүмкіндігі болмауы мүмкін екенін түсіндіріңіз. Ең бастысы, балаларды өзіңізді үлгі ретінде тәрбиелеуге тырысыңыз: ешқашан және ешбір жағдайда олардың алдында жол ережелерін бұзбаңыз. Өзіңізге және балаларыңызға қамқор болыңыз, – деп толықтырды М. Қалиаскаров.
Айта кету керек, мұндай шаралар облыс көлемінде тәртіп сақшылары тарапынан ұйымдастырылуда.