Алматы облысының полицейлері өңір тұрғындарының өзекті сұрақтарына жауап берді
Алматы облысының полицейлері өңір тұрғындарының өзекті сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс тұрғындарымен кезекті тікелей эфир Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Бағдат Әшімовтің қатысуымен өтті.
Онлайн кездесу құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан жұмыстың барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, Алматы облысы ішкі істер органдарының қызметіне қатысты сұрақтарға толық жауап беруге арналған.
Эфир барысында жол қауіпсіздігі, қылмысқа қарсы күрес, балалардың қауіпсіздігі және басқа да өзекті тақырыптар талқыланып, полковник Әшімов барынша толыққанды жауаптар мен түсініктемелер берді.
Өзара іс-қимылдың бұл форматы құқықтық тәртіп органдары мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етуге, сондай-ақ тұрғындардың проблемалары мен ұсыныстарына жедел ден қоюға көмектеседі.
Мұндай эфирлерді өткізу полицияның халықпен өзара іс-қимылының сапасын арттыруға, сондай-ақ өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тұрақты тәжірибеге айналды.