Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері психикалық денсаулық орталығында ашық есік күнін өткізді

Алматы облысының полицейлері психикалық денсаулық орталығында ашық есік күнін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған есірткіге қарсы айлықтың аясында Алматы облысының полицейлері прокуратура және облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп өңір жастары үшін ашық есік күнін өткізді. 

Қонақ ретінде Талғар политехникалық колледжінің студенттері, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар шақырылды. 

– Есірткі қолданып өз болашағына балта шабатындардың саны күн сайын артып келеді. Бұған ықпал ететін азаматтар да аз емес. Тәуекел аймағына негізінен жастар, көбінесе қолайсыз отбасылардан шыққан балалар кіреді. Сондықтан біз осындай акцияларды жастармен өткізуге баса назар аударамыз, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІҚБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Алтын Темірғалиева. 

Бұл кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің нашақорлыққа деген теріс көзқарасын қалыптастыру, оларды нашақорлықтың қорқынышты ауру екеніне сендіру. Дәріскерлер балалармен салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің, соның ішінде есірткі құралдарының ағзаға әсері туралы әңгімелесті. Олардың назарына бейнероликтер ұсынылды, содан кейін балалар азғыруға қарсы тұру үшін адамның қандай қасиеттерге ие болуы керектігін анықтай алды. Сонымен қатар қонақтар үшін орталықта, сондай-ақ есірткіге тәуелді адамдар оңалтудан өтетін бөлімшелерінде экскурсия жүргізілді.

– Әсер ету үшін үшін жасөспірімдерге өмірлік мысал көрсетілді, олармен нашақорлықпен ауыратын науқас өз тарихымен бөлісіп, есірткі қолданудың ауыр зардаптары туралы әңгімелесті. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында шығармашылық сайыс және спорттық жарыстар өткізілді. Үздіктердің үздіктері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, – деп толықтырды А. Темірғалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру