Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында алкоголь өнімдерін лицензиясыз сату дерегін анықтады

Қаскелеңде полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқан дүкенді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасай ауданының ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында дүкендердің бірінде алкоголь өнімін лицензиясыз сату дерегін анықтаған.

Полиция қызметкерлері дүкенді жалға алған Қаскелең қаласының 50 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.

Бұдан басқа акт толтырылып, заңсыз сатылған алкоголь өнімдерін тәркілеу үшін Мемлекеттік кірістер бөліміне хабарлама жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру