Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері спорттық жарысқа қатысты

Алматы облысының полицейлері спорттық жарысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Алматы облысында полиция қызметкерлері арасында спорттық эстафета өтті. Іс-шара “Динамо” спорт кешенінде өтті.

– Эстафетаға әртүрлі аудандық және қалалық бөліністерден құралған 10 команда қатысты. Жарыс бағдарламасы жүгіру сияқты дәстүрлі спорттық сынақтарды ғана емес, сонымен қатар полицияның нақты міндеттерін, соның ішінде тапаншаны құрастыру мен бөлшектеуді, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсетуді де қамтыды, – деп атап өтті ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Берік Нұрғалиев.

Қарқынды жарыстың қорытындысы бойынша Іле ауданының ПБ командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға облыстық департамент аппаратының командасы ие болды. Үштікті бірден екі команда – Талғар және Ұйғыр аудандық полиция бөліністерді иемденді.

Іс-шара ұйымдастырушылар қатысушыларды даярлаудың жоғары деңгейін және полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру және кәсіби дайындықтарын нығайту үшін осындай жарыстардың маңыздылығын атап өтті.

– Эстафета полицейлердің бірлігі мен кәсібилігінің жарқын үлгісі, сондай-ақ командалық рухты нығайтуға және облыстық департаменттің әртүрлі бөліністері арасындағы өзара түсіністікті жақсартуға тамаша мүмкіндік болды, –деп толықтырды Б. Нұрғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру