Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері танысының ақшасы мен банк картасына қол сұққан азаматты ұстады

Полиция жәбірленушіге ұрланған ақша мен банк карточкасын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Бекболат кентінің 32 жастағы тұрғыны көліктен 100 мың теңгеден астам ақшасы мен банк карточкасы салынған әмиянының ұрлағаны туралы арызданған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жәбірленушінің үйін жөндеу үшін жалдаған 31 жастағы бейтаныс азаматқа, материалдарды сатып әкелу мақсатында ішінара өз көлігін беріп тұратындығын анықтады. Соңғы жағдайда материалдарды сатып әкелуден қайтқан ер адам, иесіне көлікті берген, алайда көлікте ақша мен банк картасы салынған әмиян жоқ болып шыққан. Жұмысшы ұрланған мүлікті қайтару туралы өтінішке, өзінің қатыстылығын үзілді-кесілді жоққа шығарып жауап қайтарған.

Алайда, ұсынылған дәлелдемелерден кейін, атап айтқанда базардан алынған бейнежазбаны ұсынғаннан кейін, ол өз кінәсін толық мойындап,жәбірленушіге ақша мен карточка салынған әмиянды қайтарды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) негізінде жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру