Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері тұрғындармен тікелей эфирде байланысқа шықты

Алматы облысының полицейлері тұрғындармен тікелей эфирде байланысқа шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңір тұрғындарымен кезекті тікелей эфир Алматы облысы ПД бастығының орынбасары міндетін атқарушы Ақылбек Төлеуовтың қатысуымен өтті.

– Облыс департамент басшылығының қатысуымен апта сайын Instagram және Tik-Tok әлеуметтік желілері арқылы нақты уақыт режимінде халықпен ашық диалог өтуде. Тұрғындардан түскен сауалдардың барлығы бір сағат ішінде қаралады. Эфир барысында жол қауіпсіздігі, қылмыспен күрес, кадр саясаты мәселелері және т.б өзекті тақырыптар талқыланды. Төлеуов олардың барлығына толық жауаптар мен түсініктемелер берді, – деп атап өтті департамент баспасөз қызметі.

Онлайн-трансляция Алматы облысының ішкі істер органдарының қызметіне қатысты барлық мәселелерді түсіндіруге, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмысының барынша ашықтығы мен жариялануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осындай формат құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ тұрғындардың проблемалары мен ұсыныстарына жедел жауап беруге көмектеседі.

– Мұндай эфирлерді өткізу қазірдің өзінде полиция мен тұрғындардың өзара іс-әрекетінің сапасын арттыруға, сондай-ақ аймақтағы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тұрақты тәжірибеге айналды, – деп толықтырды департамент.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру