Алматы облысының полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмектесті
Алматы облысының полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қараша күні сағат 06:00 шамасында Шеңгелді ауылдық округі бойынша патрульдеу барысында «Бүркіт» экипажының құрамындағы А. Жүнісханов пен М. Жақыпбаев Қосқұдық ауылының бұрылысында дөңгелегі жарылып, жол жиегінде тұрған автокөлікті көрген. Патрульдік полиция взводының қызметкерлері ойланбастан жүргізушіге дөңгелекті ауыстыруға көмектескен.
– Жүргізушілерге ұзақ сапарға шыққанда көлік құралының техникалық жарамдылығына көз жеткізу қажет екенін еске саламыз. Қосалқы дөңгелек, қажетті құралдардың болғаны абзал. Жол тосын сыйларға толы екенін ұмытпаңыз. Сақ болыңыз және жол ережелерін қатаң сақтаңыз, – деді Қонаев ҚПБ бастығының бірінші орынбасары Берік Дакеев.
Бұзылған көліктің жүргізушісі тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, оларға қиын қызметте табыс тіледі.