Алматы облысының полицейлері жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады
Жыл басынан бері Алматы облысы Жамбыл ауданының полицейлері ЖҚЕ-нің 4000-нан астам бұзушылығының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары жол апаттарынан жарақаттанулардың алдын алуға және жол қозғалысын қадағалау тиімділігін күшейтуге бағытталған тұрақты іс-шаралар өткізеді.
– Жыл басынан бері аудан аумағында барлығы 86 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізілген талдау көрсеткендей, негізгі себептер жылдамдық режимін бұзу және қарсы қозғалыс жолағына шығу болып табылады. Жарты жыл ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4210 жолын кесті, – деп атап өтті Жамбыл аудандық полиция бөлімінде.
ЖКО-ның негізгі саны дәл осы жол қозғалысы ережелерін бұзғандықтан орын алады. Қала сыртындағы трассаларда жүк техникасы мен қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлікке ерекше назар аударылады.
– Жол қозғалысына қатысушыларға жолдарда мұқият болуды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Өйткені сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығы осыған байланысты, – деп толықтырды полиция қызметкерлері.