Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полиция басшысы үздік қызметкерлерді марапаттады

Марапаттарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан Полиция департаментінің басшысы Серік Кудебаев табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті атақтар мен арнайы наградалармен марапаттау Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған.

«Полиция азаматтардың тыныштығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауда әрдайым алдыңғы шепте, биліктің тірегі және қорғаушысы болып табылады. Сондықтан да, олар әрқашан жүктелген міндеттерді жоғарғы деңгейде орындауы қажет, әсіресе Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын қорғауда. Полицейлер өздерінің қажырлы еңбегі және қызметімен мемлекеттің Ішкі істер органдарына танытып отырған қамқорлағын ақтауы тиіс. Біздің алдымызда үлкен сенім мен жауапкершілік тұр, біз оны ақтауға міндеттіміз. Бұл біздің конституциялық және кәсіби парызымыз. Оны жоғары деңгейде орындау – Департаменттің барлық қызметкерлері мен бөлімшелерінің құрметті міндеті», – дейді өз сөзінде Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Серік Кудебаев.

Департаменттің мәжіліс залында мінсіз қызмет көрсеткені үшін марапатталатын қызметкерлер жиналды. Осылайша, кезектен тыс полиция подполковнигі атағын полиция майорлары Ұлан Байтаков пен Данияр Көпжасаров алды. Сондай-ақ, «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция полковнигі Игорь Колмаков марапатталды. 2-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісін полиция капитандары Дәурен Мекеев пен Айдар Басканбаев, полиция аға лейтенанты Диас Айнақұлов иеленді.

Одан өзге төрт полицей – полиция майорлары Санат Оторбаев пен Сергей Пухно,полиция капитандары Думан Мұратбаев пен Бағлан Әбішев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.


Полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы өзінің жеке құрамына шын жүректен ізгі тілегін білдіріп, бүгінгі күні қоғам полицияға жоғары талап қоятынын атап өтті. Әрбір іске жауапты қарым-қатынас, пен әр азаматтың мәселесіне ықыласпен назар салу және ең бастысы сауатты және кәсіби жұмыс арқылы ғана артылған сенімге лайық болып,оны тиісті деңгейде ұстап тұруға болады.

«Басшылық пен жеке құрам атынан барлық қазақстандықтарды, ішкі істер органдарының ардагерлерін Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, халықтың игілігі мен мемлекетіміздің гүлденуі үшін бейбітшілік, амандық, бақыт, табыс тілеймін»,-деп толықтырды Департамент басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру