Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полиция департаментінде үздік жедел уәкіл таңдалды

Алматы облысының полиция департаментінде үздік жедел уәкіл таңдалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6-7 қыркүйекте облыстық полиция департаментінде “Үздік жедел уәкіл” атағына жыл сайынғы жарыс өткізіліп, оған барлық жедел қызметтерден, сонымен бірге аудандық бөлімшелерден 60 офицер қатысты.

– Олар заңнама мен нормативтік-құқықтық актілерді мінсіз білуден тексерілді. Сонымен қатар қатысушылар арасында атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша жарыстар ұйымдастырылды, – деп атап өтті облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.  

Байқау нәтижесі бойынша үздіктердің үздігі деп облыстық криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Арман Ибрагимов атанды.  

Арман Ибрагимов 2007 жылы ҚР ІІМ Алматы заң колледжін бітіргеннен кейін Алматы облысы мен Алматы қаласы полициясының жедел қызметтерінде жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оның қызметі қарақшылық шабуылдар мен тонауды ашумен байланысты.  

 – Полицияда қызмет ету, әсіресе жедел уәкіл болу – менің бала кезімнен арманым болды. Кездейсоқ адамдар криминалдық полицияда ұзақ уақыт қызмет ете алмайды. Ең бастысы – өз кәсібіңді сүю және адамдарға жәрдем етуге ұмтылу, – деді Арман Ибрагимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру