Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы: Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Алматы облысында полиция қызметкерлері аудан мектептерінде ЖҚЕ бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Білім күні қарсаңында Ұйғыр АПБ бастығының орынбасары Тұраржан Махамет және аға тергеуші Фархат Ильясов аудан мектептеріне барып, мектепке жаңадан қадам басқан бүлдіршіндері мен ата-аналарына жол жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

- Білім күні мерекесімен құттықтай отырып, полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі азаматтардың қауіпсіздігін, олардың құқықтарын қорғау болып табылатындығын атап өткім келеді. Сол мақсатта облыс көлемінде Білім күні қарсаңында "Абайлаңыз - балалар!" профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Балалар қауіпсіздігі - басты назарда. Олардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында барлық іс-шаралар қолданамыз, - деді Ұйғыр АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Тұраржан Махамет.

Аталған іс-шара барысында бүлдіршіндерге жол жүру ережелері туралы оқулықтар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру