Алматы облысының полициясы қала тұрғындарын алаяқтардан сақ болуға шақырады
Алматы облысының полициясы қала тұрғындарын алаяқтардан сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияда алаяқтықтың ең көп таралған түрлері туралы айттып өтті.
Күнделікті өмірге интернет, ұялы байланыс, онлайн – шоппинг және банкинг сияқты заманауи технологиялардың келуіне байланысты қазіргі уақытта мүлікті ұрлау әдісі айтарлықтай кеңейді. Алайда алаяқтықтың дәстүрлі түрлері де жалғасын табуда.
– Алаяқтардың арасынан алтын түріндегі бағалы бұйымдарды сатып алуды, апат ұйымдастырып, сол жерде келісуді, жер учаскелерін аз сомаға сатуды және т. б. ұсынатын жалған тұлғаларды кездестіруге болады. Алаяқтықтың ең ірі және бір уақытта көптеген адамдарды тартатын түрі-қаржы пирамидасы. Сонымен қатар, алаяқтар адамдарды ұялы телефондарға әртүрлі ұтыстар туралы хабарламалар тарату арқылы алдайды, жалған ұтыс ойынын «ұйымдастырушылар» абоненттен белгілі бір ақы төлеуін сұрайды. Ол ұялы байланыс үшін төлем карточкалары түрінде немесе ақшалай баламада болуы мүмкін. Телефон алаяқтығының шыңы 2009-2010 жылдары болды. Сол жылдары көптеген азаматтар алаяқтардың қылмыстық желілеріне тап болды. Қабылданған шаралар нәтижесінде біз осы алаяқтықпен айналысқан бірнеше қылмыстық топты уақтылы әшкереледік»,- дейді Алматы облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Руслан Чарапиев.
Интернеттегі алаяқтықтың ең кең таралған түрлері-банк картасынан немесе клиенттің шотынан қаражат ұрлау мақсатында азаматтардың жеке деректерін (парольді, логинді) ұрлау; Интернет-әмияндармен алаяқтық – көбінесе мұндай жағдайларда сатып алушы сатушыға интернет-әмиянға алдын-ала төлем жасайды, бірақ соңында тауар да, ақша да ала алмайды.
Телефон алаяқтығы да кең таралған.
Талдау жүргізілгеннен кейін, қалалықтардың пәтерлеріндегі дабыл қоңыраулары, әдетте, түнде адамдар қатты ұйқыға кеткенде, жәбірленушінің қырағылығы пассивті болған кезде соғылады деген қорытындыға келуге болады.
– Бөтеннің мүлкін алу үшін құқық бұзушылар көбіне мұқият адамдардың қырағылығын алдау мақсатында өз әрекеттерін ұсақ-түйектерге дейін ойластырады. Сондықтан да пароль, логин, банктік шот нөмірі, банк картасындағы код сөзі сияқты жеке деректерді үшінші тұлғаларға беруге болмайтынын есте ұстаған жөн.Кез келген нысанда немесе түрде алаяқтық жасалған жағдайда дереу полицияға арыздану қажет, бұл ретте ұялы телефон нөмірлерін, АР мекен-жайларын, қылмыскер туралы деректерді және мүмкіндігінше олардың фотосуреттеріне назар аударып, жазып алу қажет, -деп толықтырды Руслан Чарапиев.