Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы қызмет атқарудың күшейтілген тәртібіне көшірілді

«Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысының полициясы қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел жағдайды бақылауды күшейту, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың уақтылы алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы облысының полициясы 25-27 тамыз аралығында күшейтілген режимде қызмет атқарады.

– Жедел бөлімшелерді жұмылдыра отырып, базарларда, сауда орындарында, вокзалдарда жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Өткізілген шаралар есірткі заттарын жеткізу және өткізу арналарын анықтауға және жолын кесуге, жеңгетайлықпен, жезөкшелікпен, адам саудасымен айналысатын адамдарды анықтауға, балалардың қараусыз жүру деректерін әшкерелеуге, көше қылмысымен айналысатын адамдарды ұстауға бағытталды. Сонымен қатар, полицейлерге жеке күзет агенттіктерінің мобильді топтары, қаланың қоғамдық тәртібін сақтауға белсенді қатысатын полицияның ерікті көмекшілері қол ұшын созды, – деді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру