Алматы облысының полициясы тәлімгерлер кеңесінің жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады
Алматы облыстық полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесі облыстық департаменттің жеке құрамымен есептік кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІО ардагерлерін жеке құраммен, оның ішінде тәлімгер ретінде жұмысқа белсенді тарту –қазіргі қазақстандық полицияның басым міндеттерінің бірі.
– Тәлімгерлер кеңесі өткен жылдың желтоқсан айында құрылған. Осы уақыт ішінде біз аудандық бөліністердің жеке құрамымен 15 көшпелі кездесу, сондай-ақ қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне екі ауқымды спорттық іс-шара өткіздік. Сонымен қатар әр аудан және қалалық полиция бөліністерінде жас қызметкерлермен үнемі өзара іс-қимыл жасайтын бекітілген ІІО ардагері бар. Жастар арасында тәжірибемен бөлісу маңызды әрі жауапты жұмыс деп санаймын. Төраға ретінде кеңестің әрбір мүшесі қазақстандық құқықтық тәртіп сақшысының беделін лайықты деңгейге көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сеніммен айта аламын, – деп баяндады тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Сағатбек Нұрахметов.
Сонымен қатар ол алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларымен бөлісті.
– Ардагерлердің тәлімгерлігі – жас ұрпақтың рухани қалыптасуының қозғаушы күші. Қазіргі таңда ұрпақтар сабақтастығын сақтау өте маңызды. Осындай қысқа уақыт ішінде Кеңес айтарлықтай нәтиже көрсетті деп сеніммен айта аламын. Олардың сөзсіз ынта-жігерінің арқасында облыстың барлық аудандарында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне АӘД кабинеттер аталды, бұрыштар мен ескерткіш тақталар, ал кейбіреулерінде полиция батырларының есімдері жазылған кадет сыныптары ашылды. Олардың көмегімен жас қызметкерлер біздің полиция департаментіндегі жақсы дәстүрлерді сіңіріп, жалғастыратынына сенімдімін, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
– Полиция қызметкерлерінің кәсіби өзегін қалыптастыруда тәлімгерліктің маңызы зор. Біз әрқашан өз тәжірибемізбен және білімімізбен бөлісуге дайынбыз, – деп қосты С. Нұрахметов.
Іс-шара соңында ішкі істер органдарының ардагерлері мен үздік тәлімгерлерге ҚР Ішкі істер министрінің атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.