Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы үздік тәлімгерді анықтады

Алматы облыстық полиция департаментінде “Үздік тәлімгер” байқауы ұйымдастырылып, үздік тәлімгер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайысқа облыстық департамент аппаратының барлық басқармаларынан, сондай-ақ аудандық бөліністерден 39 қызметкер қатысты. Барлығы үшін шарт біреу болды – әр тәлімгер кем дегенде екі жас қызметкерді кәсіби қызметке дайындауы керек еді.

Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші – іріктеу кезеңі, оның жеңімпаздары екінші кезеңге қатысуға жіберілді. Екінші кезеңде атыс және дене шынықтыру нормативтерін тапсыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өту тапсырмалары орындалды.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша “Үздік тәлімгер” атағы Талғар АПБ учаскелік полиция инспекторы Ержан Ақнажиевке берілді.

– Тәлімгерлік мектебі кадрлар сапасын арттырады және тәлімгер өз қамқорлығындағы жас маманға қызметтің іргетасына айналатын кәсіби және жеке дағдылар мен қасиеттерді қалыптастырады. Өйткені кәсіпқойлар жинаған тәжірибе жас мамандар үшін құнды сабақ, – деп атап өтті облыстық тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылай Нұрымов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру