Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы “Жолда қабылдау” акциясын тікелей эфирде өткізді

Дәстүрлі емес форматта Алматы облысының полицейлері “Жолда қабылдау” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция облыс жолдарында облыстық департамент басшылығы мен әкімшілік және жергілікті полиция қызметі басқармалары бастықтарының қатысуымен өтті. Іс-шара тікелей эфирге шықты.

– Мұндай жұмыс форматы полиция қызметінің ашықтығын көрсетіп қана қоймай, халықты көбірек қамтуды қамтамасыз етеді. Тікелей эфирде біз азаматтардың жол қауіпсіздігі мен облыстың автомобиль жолдарының жағдайына қатысты барлық сұрақтарына жауап бердік. Сонымен қатар өңір тұрғындарының назарын жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға аударды және жолдарда жүргізуші ынтымақтастығын ұстануға шақырды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елжан Чупеков.

Айта кету керек, іс-шара облыстың барлық аудандарында бір мезгілде өткізілді. Акция өткізілген екі күн ішінде тек облыстық департамент қызметкерлеріне 80-нен астам азамат кеңес алу үшін жүгінді.

– Өңір тұрғындарымен ашық диалог – біздің басты басымдығымыз. Бұдан былай акция осындай форматта тұрақты негізде өткізіледі, – деп түйіндеді Е. Чупеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру