Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы жүк көліктердің аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан күдіктілерді ұстады

Алматы облысының полициясы жүк көліктердің аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының Алатау қаласында полицейлер жүк көліктердің аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан екі жігітті анықтады.

– Мазда-323 автокөлігінің жүксалғышын тексеру кезінде патрульдік қызметкерлер жүк көліктің алты аккумуляторын тапты. Олар өз әрекетін түңгі уақытта жасаған. Қараусыз қалған жүк көліктерін мақсатты түрде аңдып, ұрланған аккумуляторларды жүксалғышқа тиеп алып кеткен. Қазіргі уақытта олардың үш ұрлыққа қатыстылығы анықталды, – деп атап өтті Алатау қалалық полиция басқарма бастығы Нұрлан Сайдалин.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Полиция ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру