Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясына азаматтардан жүзден аса қоңырау келіп түскен

Төтенше жағдай кезінде облыс Полиция департаментінің жанында Call – орталықтар мен электрондық пошта жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Бүгінгі күні азаматтардың өзінен келетін ақпарат ағыны көп. Сондықтан, халықпен кері байланыс орнату және азаматтардан келіп түсетін барлық хабарламаларға, коронавирустық инфекцияның таралу мәселелері бойынша үндеулер мен сигналдарға шұғыл әрекет ету мақсатында телефон және интернет желісінде азаматтардың еркін жүгінуі үшін жағдай жасалды. Байланысу арқылы олар өзекті мәселелері бойынша, атап айтқанда ТЖ режимі, өткізу режимі және жалпы қоғамдық тәртіпті сақтау жайында кеңес ала алады”, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Штаб басшысының Ермек Манашпаев.

Облыстық Полиция департаментінің жанынан жедел Штаб құрылды. Оған барлық қабылданған қоңыраулар мен хабарламаларға алғашқылардың бірі болып жауап беретін Департамент қызметтері мен басқармаларының басшылығы мен жауапты қызметкерлері кірді.
Азаматтар тәулік бойы толғандырған сұрақтарына полицейлерден Call-орталықтардың келесі телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалып, толық жауап алады:
Тел: 8 (7282) 60 -70 -18
Тел: 8 (7282) 60 -70 -22
Тел: 8 (7282) 60 -70 -23
Тел: 8 (7282) 60 -70 -38


ПД электрондық мекен-жайы да жұмыс істейді: dpalmobl@mail.ru

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру