Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тапанша мен бірнеше оқ жасырылған орынды анықтады
ҚАЖК және Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері ҰҚҚК басқармасымен бірігіп, тапанша мен оқтар жасырылған орынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел бөлімінің қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша ҰҚҚК қызметкерлерімен бірге тапанша мен бірнеше оқ жасырылған орын анықталды.
Матаға оралған 9 калибрлі сериялық нөмірі өшірілген тапанша және жеті оқ Қарасай ауданының Қайрат ауылының аймағында тас астынан табылған.
Бұл факт Қарасай аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот баллистикалық сараптама тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Алматы облысы мен Жетісу облысының ҚАЖ қызметкерлері 20-дан астам қару мен екі мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәріні анықтап, тәркіледі.