Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының сақшылары браконьерлерден 87 келі балық тәркіледі

Алматы облысының тәртіп сақшылары браконьерлерден 87 келі сазан балығын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Балқаш-Алакөл бассейнінің инспекторларымен бірлесіп, 11 наурызда Сорбұлақ су қоймасында заңсыз балық аулаған екі браконьерді ұстады.

Күдіктілер Іле ауданының тұрғындары болып шықты. Олардан резеңке қайық, балық аулау торлары және 87 келі сазан балығы тәркіленді. Келтірілген залал шамамен 520 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабымен (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) қарастырылған қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру