Алматы облысының тәртіп сақшылары кезекті «үйлену тойының» жолын кесті
Алматы облысының тәртіп сақшылары кезекті «үйлену тойының» жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының полицейлері карантин режимін бұзушыларды әлі де анықтауда.
Облыста бірқатар шектеулер енгізілген, солардың қатарында бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу да бар. Дегенмен бұл тыйымды елемейтін азаматтар қатары азаяр емес.
Қаратал АПБ-нің полиция қызметкерлері мобильді топпен бірге күн сайын азаматтардың бас санитарлық дәрігер Қаулысының талаптарын сақтауын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Осындай рейдтік іс-шараның бірінде Қаратал АПБ полиция қызметкерлері Үштөбе қаласында карантиндік шектеулерді бұза қызмет көрсеткен мейрамхананы анықтады. Тексеру кезінде аталған мейрамханада үйлену тойы өткізіліп жатқан.
Аталған дерек бойынша жиналған құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды.