Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тәртіп сақшылары республикалық «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты іс-шарасын ұйымдастырды

Тұрмыстық сипаттағы қылмыстың алдын алу мақсатында Алматы облысының аумағында 15 – 17 маусым күндері «Отбасында зорлық-зомбылыққы жол жоқ!» атты жедел алдын-алу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жыл басынан бастап 1657 құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды, 37 қорғау нұсқамасын бұзу дерегі анықталды, маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне 62 адам орналастырылды. Есеп беру мерзімінде отбасылық-тұрмыстық қатынаста барлығы 363 құқық бұзушылық тіркелді, әкімшілік іс сотқа жолданды, сот шешімі бойынша 249 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 114-іне ескерту берілді, – деп Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов статистикалық мәліметті жеткізді.


Жәбірленушілер полиция органының «102» телефоны мен үкіметтік емес ұйымдардың сенім телефондарына қоңырау шалады.

– Мәселен, жуырда осындай отбасылық агрессордан зардап шеккен хабарламаға Талғар АПБ патрульдік полиция взводының полицейі Данияр Султанбеков, түн жарымда барып, ананы бес баласымен өз үйіне алып кетіп, араша түсті, ертеңіне жәбірленуші Дағдарыс орталығына орналастырылды, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, – деп толықтырды Бағдат Әшімов.

Карантин кезінде жеке құрамның жұмысы қоғамық тәртіпті қамтамасыз етуге, оның ішінде, тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысына жұмылдырылды, осы бағытта 351 қорғау нұсқамасы шығарылды, 22 бұзу дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру