Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тәртіп сақшылары шомылу аймақтарына рейдтік жұмыстар жүргізуде

Алматы облысының тәртіп сақшылары шомылу аймақтарына рейдтік жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Райымбек ауданының полицейлері аудан аумағындағы суға шомылу аумақтарында рейдттік жұмыстар ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

– Бұл рейдтің негізгі мақсаты– тұрғындардың, соның ішінде балалардың судағы жүріс-тұрыс қағидаларын , қауіпсіздік шараларын сақтауын қадағалау. Өйткені тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізу, қайғылы салдар статистикасымен танысу су объектілерінде төтенше жағдайларды болдырмауға көмектеседі, – дейді Райымбек АПБ бастығы Мұрат Нұрдаулетов.

Аталған іс-шараға Райымбек аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторларымен қатар аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріде қатысты. Рейд кезінде тұрғындарға, жас жеткіншектерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру