Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тұрғыны атыраулық полицейлерге алғысын жеткізді

Алматы облысының тұрғыны жолда көмек көрсеткен атыраулық тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 29 қаңтар күні сағат 10:30 шамасында Атырау-Ақтау тас жолында қызмет атқарған Атырау облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторлары Атырау-Ақтау тас жолының Доссор поселкесінен Құлсары қаласына қарай 61 шақырым қашықтықта «Мицубиси L-200» автокөлігінің жолдан бірнеше метр шығып тұрғанын көріп, мән-жайды анықтау үшін тоқтаған.

Полиция қызметкерлері көлікке жақындағанда автокөлік құлыптаулы әрі иесіз тұрған. Шамамен бір сағаттан кейін Алматы облысы Капшагай қаласының тұрғыны болып табылатын көлік жүргізушісі келіп, Ақтау қаласынан Алматы қаласына кетіп бара жатқан кезде, ауа райының қолайсыздығынан, автокөлігінің басқару жүйесін игере алмай, тайып, жолдан шығып кеткені туралы айтқан.

Мән-жайды анықтаған полиция қызметкерлері дереу жүк көлігін тоқтатып, жол талғамайтын көлікті сүйреп жолға шығарып, жүргізушіге сапарын жалғастыруға көмек көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру