Алматы облысының тұрғыны музыка фестиваліне қатысушылардың телефондарын ұрлап кеткен
Алматы облысының тұрғыны музыка фестиваліне қатысушылардың телефондарын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы аудандық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 41 жастағы Д. есімді азаматшаны ұстады.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз деректердің жолын кесу мақсатында жедел уәкілдердің ресурстары күшейтілді. Мереке күндері адамның көптігін пайдаланып, Д. есімді азамат үш телефон ұрлап кеткен.
– Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Д.есімді азаматша – Алматы облысының тұрғыны, бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады