Алматы облысының тұрғыны полицейлерге әлеуметтік желіде алғыс жариялады
Алматы облысының тұрғыны полицейлерге әлеуметтік желіде алғыс жариялады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
15 тамыз кешкісін "102" пультіне облыс тұрғыны хабарласып, оның велосипеді ұрланғанын жеткізді. Арыз бірден тіркеліп, оқиға орнына учаскелік инспекторлар – Темірлан Сатыбалдинов пен Азат Менгали барды.
Тәртіп сақшылары жедел шаралар қабылдап, жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті. Әйел олардың ықыласты қарым-қатынасын, жауапкершілігін және кәсібилігін ерекше атап өтті. Кейін ол әлеуметтік желіде полицейлерге дер кезінде көрсеткен көмегі мен жылдам әрекеті үшін алғыс білдірді.
Ведомство өкілдері әрбір азаматтың арызы мұқият әрі жедел қаралатынын атап өтті. Халықтың осындай қолдауы ішкі істер органдары қызметкерлерін ынталандырып, ашықтық пен сенімге негізделген дұрыс бағыттың жалғасын айқындайды.