Алматы облысының тұрғыны тәртіп сақшыларына алғысын білдірді
Алматы облысының тұрғыны тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талғар ауданының тұрғыны аудандық полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Жергілікті тұрғын Талғар аудандық Полиция басқармасына жол белгісінің көрінбеуіне байланысты оның орналасу орнын өзгерту туралы өтініш білдірген. Тәртіп сақшылары өтініш түсе салысымен оны қарастырып, тұрғынның өтінішін қанағаттандырған. Өзінің өтінішінің іс жүзінде орындалғанын көрген азамат бейнежазба арқылы полицейлерге алғысын айтты.
Полицейлер халықпен ынтымақтастық және сенім көпірін халықты тыңдау арқылы нық орнатуға болатынын және өзекті мәселелерде барлық қоғам болып ат салысса ғана оң шешімін табатынын жеткізді.