Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының түзеу мекемелерінде карантин шаралары қалай жүргізілуде?

Алматы облысының түзеу мекемелерінде карантин шаралары қалай жүргізіліп жатқандығы жайында аймақтық Қылмыстық-атқару департаменті басшысының орынбасары мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Сотталғандар мен сезікті-айыпталушылар арасында ЖРВИ белгілері болған жағдайда дер кезінде жүгіну қажеттіліг туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ЖРВИ белгілері бар сотталғандар мен сезікті-айыпталушылар арасында анықталған науқастар, таңғы және кешкі карточкалық тексерістерде медициналық қызметкерлердің қабылдауына мекеменің медициналық бөліміне жіберіліп отыр. Карантинде алғашқы 24 сағатта міндетті түрде дене қызуын өлшей отырып, келген барлық сотталғандар мен сезікті-айыпталушы адамдарға тексеру және жауап алу жүргізіледі.

Мекемелердің ішкі аумақтарында, әр жасақтарында, коммуналдық-тұрмыстық объектілерінде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, күн сайын желдету, жасақтарды кварцтау жүргізіледі.

Арнай контингент және жеке құрам арасында бұқаралық, спорттық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық салтанат пен естелік салттардын өткізуге тыйым салынды.

Қысқа және ұзақ мерзімді кездесулерді уақытша тоқтау тұру бойынша шектеу шаралары енгізілді. Бұл ретте балама шешім ретінде арнайы контингентке шектеусіз телефон арқылы қоңырау шалуға және бейнебайланыс арқылы туыстарымен және басқа да адамдармен кездесуге тиісті жағдай жасалған.

Қазіргі уақытта медициналық бөлімдерде дәрі-дәрмек және бір реттік қорғаныс құралдарының тиісті қоры бар. Арнайы контингент пен қызметкерлер толық көлемде жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Қашықтықтан дене қызуын өлшейтін байланыссыз термометрлер алынған.

Барлық мекемелерде коммуналдық-тұрмыстық қажетті керек-жарақтармен жабдықталған жеке инфекциялық оқшауланған аймақтар қарастырылған. КВИ анықталған жағдайда сотталғандар жергілікті Денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген жоспарға сәйкес жұқпалы аурулар изоляторына шығарылады – дейді аймақтық департамент басшысының орынбасары Жаныбек Қосжанов.

Айта кетейік, бүгінгі күнге Алматы облысының түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандар және сезікті-айыпталушылар арасында  КВИ жұқтыру дерегі тіркелмеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру