Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының жас жол инспекторлар командасы ТМД елдері арасында үздік атанды

Алматы облысының жас жол инспекторлар командасы ТМД елдері арасында үздік атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ТМД елдері арасында жас жол инспекторларының үздік командасы 21-25 мамыр аралығында Беларусь Республикасында өткен 51-ші республикалық слет-конкурста таңдалды.

Жарысқа посткеңестік кеңістіктегі елдердің атынан қатысатын тоғыз команда – жол қозғалысы ережелерін насихаттау бойынша қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары қатысты. Бізден «Балалық шақтың мейірімді жолы» жас инспекторлар тобы Талғар ауданының оқушылары қатысты.

– Бес күн бойы біздің балалар жол қозғалысы ережелерін жақсы білетіндерін көрсетті, мәнерлеп велосипед тебу дағдыларын көрсетті және тағы басқа. Біздің жоғары дайындықтан өткен балалар ұлттық жеңімпаздардың мәртебесін растап, құрметті бірінші орынды, көптеген жүлделер мен тамаша көңіл-күй сыйлады, – деп атап өтті облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мұрат Қалиасқаров.

Әуежайда жеңімпаздарды қошеметпен және құттықтаулармен қарсы алды.

– Жас жол инспекторларының командасы әрқашан біздің инспекторларымызға профилактикалық іс-шараларды өткізуге көмектеседі, өйткені балалар қауіпсіздігі туралы өз құрдастарына жақсы жеткізеді, – деп толықтырды М. Қалиаскаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру