Алматы облысында батыр-полицейдің құрметіне самбодан турнир өтті
Алматы облысында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестерінің құрметіне Қонаев тәртіп сақшылары самбодан турнирді өткізді, – де хабарлайды Polisia.kz.
Самбо сияқты қызметтік-қолданбалы спорт түрінен жарыстар дәстүрлі болып табылады. Мұндай шаралардың басты мақсаты – жастарды спортқа баулу, жеңіске деген ерік-жігерді тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
– Бүгінгі турнир 2008 жылы қарулы қылмыскерді ұстау кезінде қайғылы қаза тапқан учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Ғалым Тәттібековтің құрметіне ұйымдастырылды. Батыр қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, – деп атап өтті Қонаев ҚПБ бастығы Ұлан Садықов.
Жарыс 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жеті салмақ дәрежесі бойынша өтті.
Қарқынды және қызықты жекпе-жектер ешкімді бей-жай қалдырмады. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен үздік нәтижелер көрсетті.
– Біз қызмет атқарған және балаларымыздың болашағы үшін өз өмірін құрбан еткен әріптестеріміздің іс-әрекеттерін абыроймен құрметтеп, есте сақтауымыз керек, – деп толықтырды Ұ.Садықов.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.