Алматы орталығында мас жүргізуші ұсталды
Алматы орталығында мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бөгенбай батыр мен Досмұхамедов көшелерінің қиылысында Буран-044 патрульдік полициясының экипажы Faw көлігін байқады.
Салонда тәртіп сақшыларына іс-әрекеті күдікті болып көрінген екі ер адам болды.
Сәлден кейін жүргізушінің мас болғаны анықталды. Сонымен қатар ер адамды жеке тінту кезінде одан өсімдік тектес зат табылды.
Сараптама тағайындалды.
Көлік құралын мас күйінде жүргізу дерегі бойынша әкімшілік іс жүргізу материалы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.