Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы ПД-да ЖҚАЖ-ның жеке құрамымен жұмыс кеңесі өтті

Алматы ПД-да ЖҚАЖ-ның жеке құрамымен жұмыс кеңесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов Алматы қалалық ЖҚАЖ-дың жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кездесу барысында спикер жиналысқа қатысушылардың назарын қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейтуге, сондай-ақ қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға жұртшылықты белсенді тартуға аударды.

– 2025 жыл «Профилактика» жылы болып жарияланды: полиция заң мен тәртіпті күзетеді. Қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік полиция департаментінің қызметтеріне, соның ішінде сіздің қызметіңізге жүктеледі. Азаматтар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасауға бағытталған алға қойылған міндеттерді шешу үшін алдын алу шаралары қажет, – деді, Қуатбек Науатов.

Кездесу қорытындысы бойынша Қуатбек Науатов Алматы ЖҚАЖ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру