Алматы ПД мотоциклдегі полиция қызметкерлерінің мүмкіндіктері туралы айтты
Алматы ПД мотоциклдегі полиция қызметкерлерінің мүмкіндіктері туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының полициясы еліміздегі ең ірі мегаполис ретінде өз жұмысында мотоциклдерді пайдаланады. Патрульдік полиция полкінде мотовзвод бар.
Бөлімшенің негізгі міндеті – қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыстарды «ізін суытпай» ашу, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау, көлік кептелісін жою, ЖКО рәсімдеу, сонымен қатар, мопед және электрсамокаттардың жүргізушілерімен мақсатты профилактикалық жұмыс жүргізу.
– Мотоциклдердің маневрлілігінің арқасында оқиға орнына жетуге болатын жылдамдық, қызметтік мәселелерді тиімдірек шешуге және проблемалық жағдайларға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Спикердің айтуынша, мотополиция қызметкерлері негізінен қаланың орталық бөлігін бақылайды.
Қажет болса оларды жедел көмек керек басқа аймақтарға тез ауыстыруға болады.