Алматы полицейі Манаслу шыңын бағындырмақ
Алматы полициясының қызметкері Манаслу шыңына экспедицияға қатысып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарынан құралған ұлттық құрама командасына Манаслу шыңына (8,163 м ) экспедиция ұйымдастырды.
– Мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының құрама командасының көмегімен 8163 м Манаслу шыңына экспедиция ұйымдастыруды ұйғардым. Негізгі құрам – Қорғаныс министрлігінің арнайы операциялық жасақтарының таулы дайындық нұсқаушылары, сондай-ақ ІІМ мен ҰҚК өкілдері. Команда бір айдан астам тауда арнайы дайындықтан өтті. Экспедициямызға қолдау көрсеткен «Дара» президенттік бастамалар қорына алғыс айтамыз, – деді Мақсұт Жұмаев.
Экспедиция құрамында Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкері Саят Ертаев бар. Саят мұндай ауқымды экспедицияға алғаш рет қатысып отыр.