Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері есірткі зертханасын жойды

Алматы полицейлері тағы бір есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті ретінде 23 жастағы жігіт ұсталды. Жедел мәліметтерге сәйкес, ол жалға алған үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған. Тұрғын үйді тінту кезінде өсімдік тектес заты бар полиэтилен байламдары, иісі бар ұнтақ зат, қабаттасатын магнитті араластырғыш, электронды таразылар, шыны ыдыстар, тарелкалар, пробиркалар, прекурсорлары бар байламдар, сұйықтығы бар бөтелкелер, шикізаты бар канистрлер және басқа да зертханалық құрал-жабдықтар табылды және тәркіленді. 

Қаскөй өзімен бірге тұратын әйелдің және кәмелетке толмаған інісінің көзінше қылмыстық әрекетті жасаған.

– Күдікті ауыр қылмыс жасағанын мойындады. Ол қамауға алынды, — деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар синтетикалық мефедрон есірткі заты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру