Алматы полицейлері ірі жол-көлік оқиғаларын тергеу ерекшеліктері туралы айтып берді
Алматы қаласының полицейлері ірі жол-көлік оқиғаларын тергеу барысы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Cалдарлары ауыр және адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғаларын тергеудің ерекшеліктері туралы Алматы қаласының ПД Анықтау басқармасы жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Шухрат Мұхтаров айтып берді.
– Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алғаннан кейін Алматы қалалық ПД ЖБО-ның жедел кезекшісі оқиға орнына жедел-тергеу тобын жібереді, оның құрамына Алматы қаласының ПД АБ ЖКО тергеу бөлімінің анықтаушысы, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің кезекші инспекторы, сондай-ақ, Алматы қаласы ПД ЖКБ криминалисі кіреді, олар оқиға орнындағы іздер мен айғақтарды жинау үшін жіберіледі. ЖКО ресімдеу кезінде оқиға орнына уақтылы бару және айғақтар жинау маңызды рөл атқарады. Іздер көлікке де, апаттың басқа қатысушыларына да тиесілі болуы мүмкін, оған жолдың жүріс бөлігіндегі іздер, көлік бөлшектерінің сынықтары, жаяу жүргіншілердің киімдері, жеке заттары мен оқиға болған жерде шашылған заттар жатады. Оқиға орнын қозғалмайтын нысандарға дейін (ғимараттар, үйлер, аялдамалар және т.б.) өлшеу және белгілеу қажет. Адам өліміне әкеп соқтырған апат болған жағдайда, мәйіттің өлшемдерін алып, жолдың жүріс бөлігімен және қозғалмайтын нысандармен, сондай-ақ оған соғылған көлік құралымен байланыстыру қажет, – деді ол.
Сондай-ақ, ол оқиға болған жерде, қала ішінде Алматы қалалық ПД Жедел басқару орталығының камераларының, сондай-ақ, түрлі ғимараттар мен нысандардың сыртқы бақылау камераларының көмегімен біздің қызметкерлеріміздің әрбір қатысушының кінәсінің деңгейін немесе кінәсіздігін анықтайтынын атап өтті.
– Бейнежазбаның көмегімен тиісті сараптама жүргізіп, көліктің де, жаяу жүргіншінің де оқиға болған кездегі қозғалыс жылдамдығын анықтауға болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен еліміздің, қаламыздың тұрғындарына Жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай сақтау қажет екенін айтқым келеді, өйткені кез-келген ұсақ қателік қайғылы жағдайға, тіпті адам өліміне соқтыруы мүмкін, – деп түйіндеді Шухрат Мұхтаров.