Алматы полицейлері оқушыларға жол ережесін түсіндірді
Алматы полицейлері оқушыларға жол ережесін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Назар аударыңыз! Балалар!” іс-шарасы аясында Алматы полициясы Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты және Қазақ автомобиль-жол институтының көмегімен науқан өткізіп жатыр.
– Іс-шараның бірі Алматы қаласы Медеу ауданындағы №35 орта мектепте өтті. Оның қатысушылары балалардың жол-көлік жарақаты мәселесіне назар аударту үшін флешмобқа қатысты. Айта кету керек, іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғалары мен өлім-жітім санын азайту мақсатында жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
Сонымен қатар ол бұл шара жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін жақсартуға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.
– Біз Жол қозғалысы ережелерін және жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын түсіндіру бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткіземіз. Жас қатысушыларға шағылыстыратын білезіктер берілді, – деді Ұзабаев.