Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері қоғам белсенділеріне алғыс білдірді

Алматы полицейлері қоғам белсенділеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғыс айту күні тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыспен күресуге және заңдылықты сақтауға лайықты үлес қосып жүрген белсенді қоғам өкілдерін марапаттады.

– Олардың арасында Мүгедектерге және қайтыс болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету орталығының басшысы Асылбек Османов та бар. Олар – біздің ұзақ мерзімді сенімді және адал серіктестеріміз және олардың күн сайын қайталанатын жақсылығы – баға жетпес. Олар азаматтардың қауіпсіздігі мен амандығы үшін жанын қиған қызметкерлердің жесірлерінің, балалардың армандарын жүзеге асыруда. Асылбек Дастанбекұлы – қызметте ауыр жарақат алған ержүрек офицер. Дер кезінде созылған көмек қолының қаншалықты қымбат екенін, ол біледі. Шын жүректен алғыс!, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Сондай-ақ, спикер Алғыс айту күнінде алматылық тәртіп сақшылар, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан 50-ден астам әріптестерінің отбасына да барғанын атап өтті. Сонымен қатар, өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы қауіпсіздік мәселелерін шешуге белсене атсалысқан бірқатар ПИК төрағалары да марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру