Алматы полицейлері қызметтік қарудан оқ атудан жарысты
Алматы полицейлері қызметтік қарудан оқ атудан жарысты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері арасында әскери қарудан оқ атудан жарыс ұйымдастырылды. 14 командадан 41 қызметкер қатысты. Жарыс бағдарламасына ПМ-9 мм тапаншасынан жаттығудың төрт түрі енгізілді.
Жарыстың бекітілген ережесіне сәйкес, команда үш қызметкерден тұрады – бір әйел, екі ер адам. Жеке есепте әділ қазылар алқасының хаттамасына сәйкес, әйелдер арасында:
I орын – ЖҚАЖ инспекторы Эльмира Имашева (ПМ-2 жаттығуы).
II орын – Алмалы аудандық ПБ-ның аға инспекторы Меруерт Бекасыл (ПМ-2 жаттығуы).
III орын – Бостандық аудандық ПБ КПБ жедел уәкілі Жұлдыз Тойкова (ПМ-2 жаттығуы).
III орын – ПП полкінің инспекторы Әсел Әшімова (ПМ-5 жаттығуы).
Ерлер арасында:
I орын – Олжас Сүлейменов (ПМ-3 жаттығуы).
II орын – Елдос Нәсіпбаев (ПМ-3 жаттығуы).
III орын – ЖҚАЖ аға инспекторы Елмұрат Тұрлықожа (ПМ-2 жаттығуы).
III орын – Данияр Тұрлықожа (ПМ-4 жаттығуы).
Командалық есепте орындар келесідей бөлінді:
I орын – Бостандық аудандық ПБ-ның құрама командасы.
II орын – Алатау аудандық ПБ-ның құрама командасы.
III орын – Наурызбай аудандық ПБ-ның құрама командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.