Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері жол ережесін бұзған мопед жүргізушісін ұстады

Алматы полициясы травматикалық қаруы бар мопед жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда «Буран-128» патрульдік полициясының экипажы кең ауқымды рейд барысында Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында мопед жүргізушісін ұстады. 

– Ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, инспекторлардың назарын аударды. Одан әрі атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі анықталды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, мәселе атуға жарамды «ОСА» травматикалық тапаншасы туралы болып отыр. Бостандық аудандық полиция басқармасы заңсыз қару сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 33 жастағы мопед жүргізушісінің қару ұстауының шынайы себебі тергеу барысында анықталады, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Михаил Кан.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.     

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру