Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады

Алматы қаласы Медеу ауданының полиция қызметкерлері автоматтандырылған жүйелерден түсірілген бейнежазбаны қарау аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған және азаматтардың тыныштығын бұзған құқық бұзушыны анықтап, жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп бұзушы 21 жастағы тұрғын болып шықты. Ол тәртіп бұзушылықты түнгі бірде BMW көлігімен Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында жасаған.

– Жол қозғалысы ережесін бұзушыға бес құқық бұзушылық дерегі бойынша хаттамалар толтырылды. Атап айтқанда ұсақ бұзақылық, қауіпсіздік белдігін тақпау, дұрыс емес жерден бұрылу, жолдың бетін зақымдау және түнгі уақытта тыныштықты бұзу. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру