Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша шаралар қабылдауда

Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні қарсаңында Алматы полицейлері жастарға жол-көлік апаттары салдарынан қираған көліктерді көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүкіл әлемде қараша айының үшінші жексенбісі дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні болып табылады.

Осыған байланысты Алматы қаласының полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың сана-сезімін өзгерту, олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау және көлік жүргізу мәдениетін арттыру бойынша шаралар қабылдауда.

– Жол-көлік оқиғаларының салдарынан болатын өлім-жітім мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні қарсаңында біздің бөлімнің қызметкерлері Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының студенттерін жол-көлік оқиғаларының салдарынан қираған көліктерді көрсету үшін мамандандырылған айыппұл тұрағына алып барды. Статистикаға сүйенсек, жол-көлік оқиғалары көбіне жастардың кесірінен болады, олар өздерінің жастығына байланысты жолдардағы әрекеттерінің салдарларын түсінбейді. Дуальды білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 20-дан астам студент арнайы тұрақтағы  қираған көліктерді көрді. Бұл – шок терапиясы. Мұндай саяхат профилактикалық сипатқа ие. Науқанның мақсаты –  жолдағы өлім-жітім мен жарақаттанудың қорқынышты масштабтарына жастардың назарын аудару, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру