Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындардың басшылығымен онлайн кездесу өткізді

Алматы полицейлерінің бастамасымен жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындарының басшыларымен онлайн кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Біздің басты талабымыз – қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы. Оларға адамдардың өмірі, қауіпсіздігі сеніп тапсырылған. Ал ең ірі шаһар жағдайында бұл екі есе маңызды. Өкінішке орай, іс жүзінде өліммен аяқталатын жол-көлік оқиғалары бірен-саран емес. Автокөлік кәсіпорындарының басшыларына кадрларды таңдауға баса назар аударуды ұсынамыз. Қоғамдық көліктің рөлінде, біздің түсінігімізше, тәжірибелі, заңға бағынатын, мәдениетті және ұстамды жүргізушілер болуы керек, ол «тек күнім өтсе болды» деген қағида бойынша емес, өз міндеттерін адал, өз жүрегінің қалауымен орындайтын адам болуы керек. Жолдың қателіктерді кешірмейтінін естен шығармауымыз керек, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Кездесу барысында қатысушыларға қаладағы апаттардың жай-күйі, қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртіп деңгейі туралы ақпарат берілді.

– Мен көлік кәсіпорындарының бірінші басшыларына көліктің техникалық жағдайы, сондай-ақ қызметкерлердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына жеке жауапкершілік туралы еске салғым келеді. Бір қарағанда ұсақ-түйек болып көрінетін құқық бұзушылықтар, мысалы, ұялы телефондармен көлік құралын басқару кезінде сөйлесу жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін. Қалада мақсатты бағытталған рейдтер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтемін, – деді Манап Саттаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру