Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы 100 жастағы еңбек сіңірген әртіске жаңа жеке куәлігін тапсырды

Алматы полициясы 100 жастағы еңбек сіңірген әртіске жаңа жеке куәлігін тапсырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметкерлері жаңа құжатты Мария Ахметованың үйіне әкелді.

- Сізді 100 жасқа толуыңызға байланысты берілген жаңа куәлікпен құттықтағым келеді. Сізге ұзақ өмір, денсаулық, бақыт және амандық тілеймін, - деді Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Жанна Жақыпбаева.

 - Мен ішкі істер органдарының жұмысына өте ризамын. Полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін, - дейді Мария апа.

Мария Ахметова 13.03.1921 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 1957 жылы Мәскеуде өнертану ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған бірінші қазақ әйелі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру