Алматы полициясы: 1000-нан астам адамға карантин нормаларын сақтамағаны үшін айыппұл салынды
Алматыда мыңнан астам адамға карантин нормаларын сақтамағаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Алматы қаласында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінің арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды.
5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 1 мың 022 адам тартылды, олардың 90-ы өткен күні анықталды.
– Азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету, тамақтану орындары және т.б. үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтер барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіліп отырады, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.